Среда, 24.04.2024, 23:08
Приветствую Вас, Гость
Главная » 2011 » Март » 7 » Алтынбек Ташимбетов
13:45
Алтынбек Ташимбетов
Мен Алтынбек Тәшімбетов Ысрайлұлы Шымкент қаласында 1983 жылы 25 қыркүйекте дүние есігін аштым. Кейіннен еліміздің солтүстік өңірі Павлодар қаласына әкемнің қызметіне қарай көшіп кеттік. Балалық шағымда кішкене орысша тәрбиелендім, орысша сөйлейтін болдым. Содан қайта өз Отанымыз Шымкентке үлкен сағынышпен оралдық. 
Алты жасымда № 26 Жамбыл атындағы мектепке 1-сыныпқа қабылдандым. Математика пәнінен олимпиадаға баратынмын. 3-сыныпта жарысқа қатысып, алғаш 3000 сом жеңіп алғанмын. Бұл қаржы ата-анамның екеуінің жалақыларын қосқанда табатын табыстары болатын. Осылайша, тұңғыш рет үйдегілерге сый жасаған едім. Содан мені математик болады деп ойлаған. Мектеп қабырғасында жүріп спорттың барлық дерлік түрімен айналыстым. Барлық нәрсеге қызығатынмын. 2000 жылы мектепті тәмәмдап, Шымкент қаласындағы Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика факультеті, қаржы және несие мамандығына оқуға түстім.
Студент кезімде қазақша КВН-де Өзіміздің жігіттер командасында ойнадым. З жыл қатарынан чемпион атандық. Сонымен қатар мейрамханаларда ән айтып жүріп, 2002 жылы факультетаралық Ынта байқауынан 2-орынды иемденіп, бір жылдан кейін Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты атандым.
2005 жылдан бастап осында Алматы қаласындамын. Студияларда үнтаспа басып шығарушы болып жұмыс істедім. Продюсерім — Рүстемов Бағдат. 2008 жылы Ресейде өтетін Жаңа толқын байқауының жартылай финалисті болдым. Қазіргі таңда отызға жақын әндерім бар.Ұнатып ем , Айтшы жаным , Эхо любви , Сен келдің Аққуымсың аңсаған әндеріне түсірілген бейнебаяндарым бар. Айтшы жаным атты альбомым 2009 жылдың ақпанның он жетісінде жарық көрді. Былтыр Жезқазған, Сәтбаев, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Алматы және Шымкент облыстарында, биыл Ақтау, Көкшетау, Қостанай, Павлодар қалаларында жеке концертімді бердім. Негізгі мақсатым — осы өнер саласында аянбай еңбек етіп, халықтың жүрегіне әндерім арқылы шуақ беру.
Халқым мен сендермен біргемін!

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 1643 | Добавил: Nalsur_1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]